ИНДЕР АУДАНЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

 

Жуырда Индер аудандық ауруханасы базасында компьютерлік томография (КТ) кабинеті пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Индер ауданының әкімі Нсанбаев Серік Бағытжанұлы және Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдалиев Қайсар Қайратұлы қатысты. Шара барысында спикерлер бұл бастаманың аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға қосатын үлесі зор екенін атап өтті.

Кабинет заманауи талаптарға сай жоғары технологиялық диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Компьютерлік томография аппараты ауруларды ерте сатысында анықтауға және дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Аталған құрылғы тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы үздіксіз жұмыс режимінде қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, көршілес Қарабау елді мекені мен Батыс Қазақстан облысы аумағынан келетін тұрғындарға да шұғыл жағдайда тексеруден өтуге жағдай жасалған.

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT