Елдегі төтенше жағдайға байланысты бүгіннен бастап аудандағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа кәсіпкерлік нысандар жабылды.
- Аймақта карантин жарияланғандықтан аудандағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа кәсіпкерлік нысандардың барлығы да 15 сәуірге дейін уақытша жабылады. Яғни сұлулық салондары, шаштараз, киім-кешек, көлік жуу, жөндеу, тағы басқалар. Төтенше жағдай талаптарына бағынуға тиіспіз. Оған халық түсіністікпен қарайды деп ойлаймын, - дейді аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысы Д.Сариев,
Айта кетейік, сондай-ақ азық-түлік пен дәріханалардың жұмыс уақытына шектеу қойылмайды.
«Дендер»-Ақпарат