Индер ауданында ауылішілік жолдар жөнделіп жатыр

«Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында бірнеше ауылда жол жөндеу жұмыстары жүруде.

img-20201211-wa0034

img-20201211-wa0035

-Биыл Көктоғай, Есбол, Елтай ауылының ішкі жолдары, Қызылжар, Ақтан ауылының кірме және ішкі жолдары, Индербор кентінің ішкі жолдары қайта жаңғыртылып, халық игілігіне берілуде. Бүгінде Көктоғай және Елтай ауылындағы жұмыстардың 90 пайызы аяқталды. Қалған 10 пайызы ауа-райының қолайсыздығына байланысты келер жылға қалдырылды. Бұдан бөлек, Индербор кентіндегі 22 мың шақырымға жоспарланған жол құрылысы да толық аяқталды, - деді Мейірім Қалауи.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521