Индер ауданында қар күреу жұмыстарына 13 техника жұмылдырылды

Атырау облысындағы 7 ауданда қар күреу жұмыстарына 93 техника жұмылдырылды

Атырау облысында қардың қалың жаууына байланысты аудандардағы коммуналдық қызметкерлер де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қызылқоға ауданы бойынша 50,1 километр болатын ауылішілік автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауылішілік автомобиль жолдарының бойында тайғақ уақытта анықталған 8 жердегі қауіпті бұрылыстарға тұз араластырылған топырақ шашу жұмыстары атқарылды.

Ал Құрманғазы ауданындағы аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шынболат Мусиннің айтуынша, тазалық жұмыстарына «Ганюшкин Құрылыс» ЖШС-не қарасты 21 жұмысшы мен 11 арнайы техника жұмылдырылған.

Жылыой ауданында қарасты қала, кент және ауылдық округтерде қар тазалау жұмыстарын 21 техника 50-ден астам адам жүргізіуде. Сонымен қатар аудандағы өндірістік мекемелер қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылды.

Махамбет ауданында қар тазалау жұмыстарына 8 трактор, 2 фронталды тиегіш, 1 автогрейдер техникасы жұмылдырылса, Исатай ауданында 10 техника мен 80-ге жуық адам, бұдан бөлек, республикалық Атырау-Астрахань тас жолын қардан тазалауға қосымша 13 техника жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, Индер ауданында 13 техника мен 240-қа жуық қызметкер жұмылдырылды.

Қар күреу жұмыстары Мақат ауданында да жалғасын табуда. Доссор кентінде 1 трактор, 2 автогрейдер, Мақат кентінде 1 трактор, 1 автогрейдер, Ескене елді мекенінде 1 трактор қар күреу жұмыстарына жұмылдырылды.

Өңірдегі барлық ауданда қар тазалау жұмыстары үздіксіз жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз