Индер ауданына университеттен көмек келді

Жер жаһанды жаулаған індет елімізге де оңай тимеуде. Осындай қиын-қыстау кезеңде көршілес мемлекеттерден көмек қолын созып жатқандар бар.

Бүгін міне, сәрсенбінің сәтінде көршілес Ресейдің Астрахан облысынан жоғары оқу орындары арасындағы келісімге орай келген гуманитарлық көмекті Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (ректоры Г.Шакуликова) аудандық емханаға табыс етті. Ауданға келген университеттің Жастар саясаты және мәдениет бөлімінің жетекшісі Абылай Құрметұлының айтуынша, бұл көмек «Мейірімділік - көршілестік» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Яғни аталған жоғары оқу орны мен «Каспий Еуразия» орталығы, Астрахан мемлекеттік техникалық университеті, «Каспий маңы» университеті Ассоциациясы ұйымдарының арасындағы келісіммен іске асуда. Махамбет пен Индер аудандарына таратылып отырған 250 кг гуманитарлық көмектің ішінде арнайы медициналық киімдер, бетперделер, респираторлар, медициналық инелер, тонометр, дәрі-дәрмектер, ауыр науқастар үшін жөргектер, антисептиктер мен қызу түсіретін дәрілер бар екен.

dsc_0484

Орталық емхана алдында аудандық мәслихат депутаты, «Dender» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин ел басына күн туғанда халық бірігіп бір-біріне қолұшын беріп жатқанын, оның жаны қиналған науқастар үшін үлкен демеу екендігін айтып, аманатты жеткізіп отырған жоғары оқу орнының өкілдеріне ризашылығын білдірді. Гуманитарлық көмекті қабылдап алған, аудандық аурухананың бас дәрігері Бауыржан Төлеген аудандық емдеу мекемелеріне бұған дейін де осындай қайырымдылық көмектер ұйымдастырылып жатқанын, бұл көмекті де тек аудандық ауруханада ғана пайдаланып қоймай, халықтың санына қарай ауылдық елді мекендеріне де бөлінетінін, бастысы сырқаттардың қажетіне жаратылатынын атап өтті.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521