2024 жылдың 28 тамыз күні Индербор кенті аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізілуде. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерін қолдана отырып барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды. Оқу жаттығудың мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Индер ауданының жедел штабының күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерін орындауға дайындығын тексеру. Аудан қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпараттарды басшылыққа алуды сұраймыз. Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі
Индер ауданы тұрғындарының назарына!
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 134