Бүгін Республика көлемінде жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету, жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған «Қауіпсіз» жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Соған байланысты апаттылығы қауіпті жол учаскелерінде, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге автопатрульдер саны, әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі қызметкерлері күшейтілген режимде жұмысқа көшіп отыр.
Сондай-ақ шара аясында тәртіп сақшыларының қатысуымен БАҚ-та брифингтер, дөңгелек үстелдер, жұртшылықпен, ұжымдармен, студенттермен және мектептер оқушыларымен кездесулер өткізу көзделіп отыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қашанда өзекті.
Өйткені, жол-көлік оқиғасы салдарынан қаншама тағдыр қиылып, қаншама жанның мүгедекке айналып жатқанына күнделікті өмірден мысал аз емес. Сондықтан бұл мәселеге тәртіп сақшыларынан бөлек, әрбір азаматтың жауапкершілікпен қарауы керектігі түсінікті.
А.Бокирова