Индер ауданы аумағына қосымша шектеулер жарияланды

Индер ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулы қабылдады.

Мен, Индер ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ержанова Шолпан Абаевна «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 –тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше комиссия режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы №6 шешіміне, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01 сәуір 2020 жылғы №30 «ҚР-да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29 наурыз 2020 жылғы №8 «Атырау облысының аумағында қосымша шектеу іс –шараларын, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысын, басшылыққа алып, Республикалық мемлекеттік мекемесі Индер аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының №102-1915-04 ережесіне сәйкес және іргелес Атырау қаласында коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуалдың қалыптасуына, коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жылғы 14 сәуір сағат 00-00-ден бастап 2020 жылғы 30 сәуір 07.00-ге дейін Индер ауданы аумағында келесі шектеулер шаралары енгізілсін:

1) Индер ауданына кіруге және одан шығуға, тұрғылықты жерінде сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін аудандық әкімдіктің, құқық қорғау органдарының, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстары мен авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерін, сондай-ақ стратегиялық объектілердің, тіршілікті қамтамасыз ету және байланыс объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, бөгде адамдар мен отбасы мүшелерсіз (қызметтік куәліктер мен жұмыс орнынан анықтамаларды көрсеткен кезде) азаматтар мен автокөліктерге жүруге тыйым салынсын;

Ауданға азық-түлік тауарларын, жануарлардан алынатын тауарларды, дәрілік заттарды, дәрі-дәрмектерді, құрылыс материалдарын, ЖЖМ және халықтың тыныс-тіршілігіне және өндірістік қажеттіліктерге қажетті басқа да материалдарды тасымалдауды жүзеге асыратын жүк көлігінің кіруіне және шығуына рұқсат етіледі.

2) аудан тұрғындарына ауылдардың арасына жүруге тыйым салынсын (мыналарды қоспағанда, тұрғылықты жерлерден шығуға тыйым салынады):

-азық-түлік, қажетті заттар, дәрі дәрмектермен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу

; -жұмысқа бару анықтама негізінде;

-медициналық көмекке жүгіну;

3) Ауылдар арасында ресми және ресми емес жеке тасымалдаушылармен, сондай-ақ Индербор кенті ішінде ресми емес жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым салынсын.

4) 18 жасқа дейінгі және 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;

5) тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде бетперде тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолға жағуға арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;

6) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 50 метрден аспайтын радиуста және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын уақытта жүзеге асырсын;

7) Азық-түлік супермаркеттерінің, азық-түлік сөрелерінің, ЖМС жанындағы сауда нүктелерінің, дәріханалардың және бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасының қызметі сағат 20:00-ден 9:00-ге дейін тоқтатылсын. Азық-түлік базарларының жұмыс уақыты сағат 17:00-ден 10:00-ге дейін тоқтатылсын.

8) азық-түлікке жатпайтын сауда орындарының, жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік бөлшек сататын салондарының, гүл павильондарының, фотоателье, фотосалондардың, ломбардтардың, жылжымайтын мүлік агенттіктердің, көлік жуу орындарының, техникалық қызмет көрсету станциялары, моншалар, сауналар, спорт кешені, сұлулық салондары, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, жабық балалар ойын алаңдары, көрмелер осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметі тоқтатылсын.

9) екінші деңгейдегі банктер филиалдарының, почта байланыстарының және жеке нотариустардың жұмыс уақыты сағат 09: 00-ден 17: 00-ге дейін шектеледі. Кезектер жасау кезінде кезекте әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып (кемінде 2 метр) және дезинфекциялық іс-шараларды және төтенше жағдай режимі кезінде қабылданған өзге де санитариялық талаптарды сақтай отырып, 3 адамға дейінгі өткізу қабілетін ескере отырып, кезекпен үй-жайларға адамдарды кіргізуге, үй-жайлардың ішінде және іргелес жатқан аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар мен сауда нүктелерінің жанында ұйымдастырылмаған кезектерді, адамдардың шоғырлануына жол бермеуге.

10) мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар басқа да қоғамдық тамақтану обьектілер жұмысын 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидасы бойынша рұқсат берілсін;

11) карантин және төтенше жағдай қолданылған кезеңде күндізгі және түнгі уақытта салтанатты отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады (туған күні, үйлену тойы және 3-тен астам қонақ жиналуы мүмкін т.б.).

12) меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметі тоқтатылсын.

13) мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс шаралар өткізу тоқтатылсын;

14) Тамақ өнімдерін, мал шаруашылығы өнімдерін, дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар, құрылыс материалдары, жанар-жағармай материалдары және тұрғындардың өмірі мен өндірістік қажеттіліктерге қажетті басқа да материалды тасымалдайтын жүк көліктерінің қозғалысы арнайы рұқсат қағазы болғанда рұқсат етіледі.

2.Ауылдық округ әкімдеріне:

1) халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, жағалауларды, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарын жапсын;

2) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;

3) тротуарларды, саябақтарды, алаңдарды, аула алаңдарын, автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейтсін;

4) кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.

5) жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды көзге түсетін хабарлама тақталарына және басқа жерлерге орналастырсын;

6) кіре берістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалаудың күніне кеміне 2 рет жүргізуін қамтамасыз етсін.

3.Аудандық полиция бөлімі бастығына:

1) карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақсатан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етуге;

2) азаматтардың қоғамдық орындарда саябақтарда, алаңдарда болуына жол бермеу мақсатында оларды күзету жөніндегі шараларды күшейту;

3) отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тосқауыл қоюға;

4) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақсатан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатуға;

5) азаматтардың көше бойымен жүруі құқығынсыз үйдегі карантиндік режимін сақтауын бақылауға

6) инфекциялық және карантиндік байланыс ауруханаларын оқшаулау және қорғау;

7) төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия бекіткен тізбеге сәйкес қызметкерлердің аудан ішінде кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етсін.

8) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 09.04.2020 жылғы №32 «ҚР-да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;

9) аудандық штаб мүшелерімен бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастырсын.

4.Аудандық аурухана директоры:

1) стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдаған науқастарға баруға тыйым салуға;

2) медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді;

3) денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;

4) емдеу ұйымдарында, оның ішінде карантиндік, провизорлық, инфекциялық ауруханаларда қызметі науқастарды қарау, тасымалдау ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу емдеу және науқастарды күтуге байланысты медициналық персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш бетперделерімен немесе респираторларымен резеңке қолғаптарымен қамтамасыз етеді;

5) алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары дәрігерлерінің қабылдауын қашықтан қызмет көрсету форматына ауысу, сондай-ақ рецептерді онлайн режимінде немесе үйіне жеткізу;

6) ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 09.04.2020 жылғы №32 «ҚР–да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қаулысының талаптарын орындалуын қамтамасыз етуге.

5.Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;

2) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр екі сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш бетперделерімен, қорғаныш көзілдіріктермен және резинке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

3) келушілердің нысандарға тек медициналық бетпердемен жіберуге;

4) дүкендерде, сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету, кезектер жасау кезінде обьектілерді үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;

5) кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және азық-түлік бөлімдеріне кірер алында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақтаны құруға;

6) шаруашылық субьектілеріне азық түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастыру мен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;

6.Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы мен округ әкімдеріне:

1) коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша Индер ауданында карантин және Индер ауданы аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарды жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін.

7. Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар) аудандық коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі басшысына, округ әкімдеріне:

1) су тасқыны кезеңін ескере отырып, аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;

2) су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету;

3) қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (бетпердемен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым- қатынасын болдырмау:

4) негізгі технологиялық процеске байланысты емес қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанасына ауыстыру.

8. Жеке және заңды тұлғаларға:

1) ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 09.04.2020 жылғы №32 «ҚР-да төтенше жағдайларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы №8 «Атырау облысының ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысы орындалуын қамтамасыз етуге.

9. Индер аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:

1) карантиндегі стационарлар мен обьектілерде санитариялық дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;

2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын обьектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың орындалуын бақылау ;

10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

11. Осы қаулы 2020 жылғы 14 сәуірдің 00-00 сағаттан бастап күшіне енеді.

Ш.ЕРЖАНОВА

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521