ИНДЕР АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ КӨБЕЙІП КЕТКЕН АЛАЯҚТЫҚ ФАКТІЛЕРІ БОЙЫНША ЕСКЕРТЕДІ!

Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық жастар ресурстық орталығы, Азаматтық орталығы, полиция қызметкерлерінің қатысуымен аудан бойынша халық арасында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс- шаралар жалғасуда. Қазіргі таңда интернетте ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалатын қылмыстың түрі көбейді. Жыл басынан бері аудандық полиция бөліміне «Каспий банк», «Халық банк», «Фридом Финанс » АҚ мобильдік банк қосымшалары арқылы алаяқтардың несие рәсімдеген фактілер көптеп тіркелуде. Осыған орай, интернет алаяқтарының құрбаны болудың алдын алу, болдырмау және жолын кесу мақсатында орталық көшелерде, сауда орындарында, халық көп шоғырланатын жерлерде жадынамалар ілініп, халыққа таратылды. Аудан тұрғындарын интернет алаяқтарынан САҚ БОЛУҒА шақырамыз! Мұқият болыңыздар, өздеріңізді алдауға жол бермеңіздер! Егер Сіз немесе жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521