Индер-Қарабау жолына асфальт төселе бастады

Облыста іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі 317 шақырымды қамтитын "Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз" автокөлік жолы. Бұған дейін жолдың құрылысы көршілес Қызылқоға ауданы бөлегінде жүріп, Қарабау ауылына жетті. Осы орайда аудан әкімі Мейірім Қалауи жолдың қалған бөлегін Индерден бастап салуды ұсынған болатын. Сәтін салып биылғы мамыр айында жолдың құрылысы басталды.

Алдымен қиыршық тастан балама жол салынып, бұрынғы әбден тозып шұрқ-тесікке айналған асфальт жол қырып алынды. Содан соң жолдың астыңғы қабаты төселіп, жол астынан өткелдер салынып басталған болатын. Ал өткен дүйсенбіден бастап, көптен күткен беткі қабаты -асфальт төсеуді бастады. Сол күні іс басында облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевтыя кездестіріп сөзге тартқанбыз.

-Қаржының бөлінуіне байланысты биыл 7200 метр жол салынуда. Оның 4200 метрі Индербордан басталып, қалғаны 10 шақырымнан кейін былтырғы тау ішіндегі жолға қосылады. Себебі, карьерлерден облыс орталығына қиыршық тас тасыған жүк көліктерінің көбеюіне, жолды ал-дын ала бүлдірмеуге байланысты осылай бөліп салуға тура келіп отыр. Жалпы жолдың сапасы мен асфальттың қалыңдығы республикалық жолдың дәрежесінде салынуда - деді салалық басқарма басшысы Әсет Самарханұлы.

Жолдың құрылысында 20 см қиыршық тас, 18 см құм араласқан шақпақ тас төселсе, қазіргі төселіп жатқаны 15 см асфальт. Салынып жатқан жолдың құрылысына куә болып жүрміз, оның арасына сапалылығын арттыруға геосентетикалық материалдар төселді. Асфальттің ені 8 метр болса, жолдың жалпы ені 12 метрді құрайды екен. Сонда былтырғы салынған жолмен қосқанда 87 шақырымды құрайтын Индер-Қарабау жолының 11 шақырымына жаңа автокөлік жолы түсіп отыр.

Облыстың екі ауданын жалғап отырған жолдың сапалы атқарылып, халық игілігін тезірек көргенін қалаймыз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521