​ІІМ полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдану үшін call-орталықтардың нөмірлерін жариялады

ІІМ полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне азаматтардың шағымдары үшін call-орталықтардың нөмірлерін жариялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Өзіндік қауіпсіздік департаментіне азаматтардан полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты келіп түскен шағымдарды мұқият тексеруді тапсырды. Қазіргі уақытта ішкі органдар бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. 

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, азаматтар көп жиналатын орындарда және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзет жасақтары күшейтілді. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өткен оқиғалардың салдарын жою бойынша шаралар қабылдануда. Бейнебақылау камераларын талдау, сондай-ақ айналасына бей-жай қарамайтын азаматтардан келіп түсетін материалдарды сараптай отырып, бөтеннің мүлкін жоюға не бүлдіруге байланысты бүліктерге, ұрлауға және тонауға қатысушыларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Азаматтардан хабарламалар қабылдау және оларға жедел ден қою үшін Полиция департаменттерінің Жедел басқару орталығы мен комендатуралардың call-орталықтары қызметкерлерінің саны артты. 

Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, оның ішінде ұялы телефондарды тексеруге қатысты ақпараттар жариялануда. ІІМ азаматтардың ұялы телефондарын олардың келісімінсіз немесе сот органдарының санкциясынсыз тексеруге, сондай-ақ қарауға тыйым салынғанын ресми түрде мәлімдейді. 

Осыған байланысты Ішкі істер министрі елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің өзге мәселелерімен қатар, қызметтер мен аумақтық бөлімшелердің басшыларына азаматтардың конституциялық құқықтарын қатаң сақтауға, оларды негізсіз қылмыстық және әкімшілік қудалауға жол бермеу туралы нұсқау берді. ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне азаматтардан полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты келіп түскен шағымдарды, соның ішінде полиция бөлімдеріне жеткізілген және ұсталған адамдардың ұялы телефондарын негізсіз тексеруге байланысты фактілерді мұқият тексеру тапсырылды. 

Біздің азаматтарымыздан полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің барлық фактілері бойынша ІІМ ӨҚД-нің тәулік бойы жұмыс істейтін 1402, 8 (7172) 71-41-09 сенім телефонына, министрдің блогы, “ашықтық алаңы” фронт-офистеріне хабарласуды сұраймыз. 

Сондай-ақ төмендегі өзіндік қауіпсіздіктің аумақтық бөлімшелері хабарласуға болады: 

Нұр-Сұлтан қалалық ПД ӨҚБ – 8-702-127-98-18 

Алматы қалалық ПД ӨҚБ – 8-707-927-67-69 

Шымкент қалалық ПД ӨҚБ – 8 (7252) 21-43-23 

Ақмола облысы ПД ӨҚБ – 8 (7162) 25-03-60

Алматы облысы ПД ӨҚБ – 8 (7282) 60-81-58 

Ақтөбе облысы ПД ӨҚБ – 8 (7132) 52-16-91 

Атырау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7122) 25-10-38 

Шығыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7232) 23-43-32 

Жамбыл облысы ПД ӨҚБ – 8 (7262) 45-43-39, 7-701-072-70-00 

Батыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7112) 98-45-68, 98-42-75, 98-40-44, 8-707-290-28-84 

Қарағанды облысы ПД ӨҚБ – 8 (7212) 42-93-39 

Қостанай облысы ПД ӨҚБ – 8-707-715-44-24 

Қызылорда облысы ПД ӨҚБ – 8 (7242) 27-28-74, 8-747-182-51-43 

Маңғыстау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7292) 47-52-69 

Павлодар облысы ПД ӨҚБ – 8 (7182) 32-28-22 

Солтүстік Қазақстан облысы ЖП ЕҚБ – 8 (7152) 61-26-89, 8-700-161-26-89 

Түркістан облысы ПД ӨҚБ – 8-701-121-93-35 

Көліктегі ПД ӨҚБ – 8 (7172) 94-23-20, 8-707-294-23-20. 

Әрбір өтініш жеке қаралып, азаматтарға толыққанды жауаптар беріледі.

 azh.kz сайты

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика