Қиғаштың ән-күйі - Атырауда

Құрманғазылық өнерпаздар облыс орталығының 382 жылдығына орай ән мен жырдан шашу шашты.

Бүгін Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен аузы дуалы абыздар мен ақиық ақындардың, қайсар, намысты батырлар мен озық ойлы, білімпаз ғалымдардың, дүлдүл күйшілер мен бұлбұл әншілердің құт мекенІ Құрманғазы өлкесінің мерекелік тартуына жұртшылық көптеп жиналды. Мерекелік шара барысында ән мен жырдан бөлек мұнайлы өлкенің белгілі тұлғалары туралы сахналық қойылым көрермен назарына ұсынылды. Ауданның белгілі өнерпаздары «Ән - Атырау», әнін нақышына келтіре орындады. Ал, дәстүрлі әншілер қара домбыраның қоңыр әуенімен көпшілікті тәнті етті.
-Қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтаймын!  Кестеге сәйкес,  бүгін Құрманғазы ауданының Атырау қаласының күндеріне 70-тен астам көркемөнерпаздар келіп өнер көрсетті. Әртүрлі жанрда шығармашылық нөмірлерімізді ұсынамыз. Көпшіліктің жүрегіне жол табамыз деген сенімдемін,-деді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова.

Айбөпе САБЫРОВА

whatsapp-image-2022-10-13-at-17_46_08

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз