Hi-tech: Атыраулық полицейлер өзгелердің атынан онлайн-несие рәсімдеп келген күдіктіні ұстады

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері республика көлемінде өтіп жатқан «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде банк сайты арқылы өзгелердің атынан онлайн-несие рәсімдеп келген Шығыс Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғынынын анықтап, ұстады.

Анықталғандай, жігіт микроқаржылық мекемелер арқылы интернеттен кездейсоқ адамдардың мәліметтерін тауып алып, бірнеше ай бойы олардың атынан онлайн-несие рәсімдеп келген. Несие мақұлданғаннан кейін ол өзіне «Kaspi Bank»,«Halyk bank» банкоматтары арқылы ақшаларын алып отырған. - Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше алаяқтық жасады деген күдікті Семей қаласынан ұсталды.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі, 4-тармағы, ҚР ҚК-нің 190 бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Полицейлер күдіктінің жалпы 300-ден астам алаяқтық жайтына қатысы бар екенін анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі бірнеше миллионнан астам теңгені құрады.

Күдікті қазіргі уақытта Семей қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз