ГРАНТ АЛЫП, КӘСІП АШТЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандарды мейлінше қоғамдық ортаға тартып жұмыспен қамту мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдарының бірі екені анық. Бұл бағытта аудан көлемінде тиісінше шаралар қабылданып, нақты жұмыстар жүзеге асырылуда.

Айталық, өткен жылы 75 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын. Осыған орай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне, сонымен қатар жұмыспен қамту орталығына 77 азамат хабарласып, өтініш білдірген болатын.

Нәтижесінде 30 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналасса, оның ішінде 8 азамат тиісті квотаға ие болды. Ал ақылы қоғамдық жұмысқа 24, әлеуметтік жұмыс орындарына 4, мемлекеттік жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы 1 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар мамандық игеру мақсатында 13 адам арнайы оқу орындарынан білім алса, 1 азамат қайта даярлау курысынан өткізілді.

Азаматтардың жеке бизнесін қалыптастыру үшін құрылған «Нәтижелі жұмыспен қамту шеңбері аясындағы «Бастау-Бизнес» жобасы негізінде 12 үміткер кәсіпкерлік бағытында курстан өткізілді. Үш адам өз кәсіптерін бастау үшін мемлекеттік қайтарымсыз негіз де арнайы гранттарға ие болса, 2 адам жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз жұмыстарын бастады. Мұндай кең көлемдегі қолдау шаралары биыл да жалғасын табуда. Алғашқы тоқсанда 60 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланса, 8 азамат уәкілетті органға жұмыс сұрап хабарласқан. Барлығы 11 адаммен байланыс орнатылды. Оның ішінде 2 азамат тұрақты жұмысқа қол жеткізсе, 5 азаматқа ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа жолдама берілді. Ал 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп отыр.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасына сәйкес мүгедек балаларды бағып –өсіріп отырған аналарға Үкіметтің 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес жобаларды іске асыруға арналған қайтарымсыз негізде мемлекеттік грант бөлу қолға алынды. Сөз жоқ, мұның өзі үлкен қолдау екені аян.

Жалпы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бір күннің ғана ісі емес. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстар одан әрі де жалғаса беретін болады.

Аудандық жұмыспен қамту

әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал-актілерді тіркеу бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521