Игі істердің бел ортасында бола жүре кемел келешектің тұтқасын ұстар буынға бағыт-бағдар беріп, айрықша еңбек сіңірген ақылман ақсақалдың төрімізден орын алуы зор мәртебе.
Осыған орай «Дендер» газеті «Ел боламын десең...» айдары аясында 1978-1988 жылдар аралығында Индер ауданы партия комитетінің ІІ хатшысы қызметін атқарған, Атырау облысының, Индер, Исатай аудандарының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Қатимолла Ризуанұлымен өнегелі кездесу өткізеді.
Кездесу 25 қараша күні сағат 11:00-де аудандық «Дендер» газеті редакциясының ғимаратында.
Ғибратты әңгіме тыңдап, ой бөлісем десеңіз есігіміз айқара ашық, құрметті оқырман!

