"EURAZIA" сауда орталығы салтанатты түрде ашылды

Бүгін аудан орталығында "EURAZIA" сауда орталығының салтанатты түрде ашылуы өткізілді.

Шараға аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Дулатбай Сариев, "Атамекен" ҰКП Индер аудандық филиалының директоры Дәурен Сағынғалиев және кент тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ашылу рәсімінде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Дулатбай Сариев нысанның директоры мен барша кәсіпкерлерді бастамамен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

lenta
Сауда орталығының басшысы жеке кәсіпкер Шыныбаева Майра Қамзағалиқызы. Нақтырақ айтсақ, орталық 2 қабаттан тұрады, 1-ші қатарда 6 жеке кәсіпкер әр түрлі бағытта өздерінің кәсіпкерлігімен айналысуда, ал 2-ші қабатта балалар ойнайтын орналасқан. "KinderLand" басшысы Дастан Махуов "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы арқылы грантқа ие болып кәсібін бастап отыр.

tamashalau

Жадыра Нариманқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521