Ескіні жаңартып, жөнді етеді

Реставрация – ескірген, тозған, бастапқы сынын жоғалтқан материалдық мәдениет мұраларын алғашқы өңіне келтіру, жаңарту, жөндеу дегенді білдіреді. Осындай ерекше өнерді қолға алып, өз кәсібіне айналдырған жандар арамызда сирек кездеседі. Солардың бірі- елтайлық Азат Елеусінұлы жанына жақын жұмыс ретінде айналысып, кәсібін дөңгелетуде.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы қаңтардың басында дүниеге келген Азат өз есімін осы азаттығымыздың, тәуелсіздігіміздің құрметіне қойылғанын алға тартады.

Реставрация, яғни қалпына келтіру жұмысымен айналыса бастағанына 1 жылдан астам уақыт болған. Азаттың жанұясында ата-анасы, адал жары және бір ұлы мен бір қызы бар.

img-20210402-wa0046

- Осы кәсіппен айналысуыма түрткі болған үйдегі анамның ескі сандығы. Жаңа үйге көшіп, бөлмелерді жаңа жиһаздармен толтырғанда анамның сандығы ескілеу болды. Қазағымыздың мәдени мұрасын, киелі асыл қазынасын далаға тастай алмадық. Содан осы сандықты жаңалап, қалпына келтірсем деген ой келді, - деп алғашқы бастамасын еске алады шебер.

img-20210401-wa0071

Тапсырыстар жақсы түсіп жатқан көрінеді. Индербор кентінен, ауыл ішінен және де көршілес ауылдардан да жақсы сұраныстар түсуде. Реставрацияны тапсырыс берген адамның талғамы бойынша жасайды. Керек құрал-жабдықтарды сол талғам бойынша қаладан, Индербор кентінен, кейбір жабдықтарын интернеттен онлайн арқылы алдыртады екен.

img-20210401-wa0087

Реставрация жұмысын электрлі ара, бұрғы, жиһаздарға арналған степлер, т.б. құралдардың көмегімен жасауда. Азаттың айтуынша, бір сандыққа шамамен қиындығына байланысты 3-4 күн уақыт кетеді. Жалпы, үй жиһаздарының көбіне жаңартулар жасағанымен, тапсырыс ретінде жасап жатқан жиһазы – сандық. Бұдан бөлек ат әбзелдерін (тұсау, өре, шідер, ноқта, т.б.) жасап жарнамалап жатырғанын алға тартады. Жұмысына, көлеміне байланысты сандықты жасау құны әр түрлі бағада.

-Тапсырыс берушілерден ешқандай наразылық жоқ. Алғыстарын айтып, дән риза болуда. Мен әзірге сандықтарды реставрациялап жүрмін, алдағы уақытта қажетті материалдарға қол жеткізіп жатсам, жаңадан жасап шығарсам ба деген ой бар. Табыс тауып, кәсіп жасаймын деген жанға жол ашық. Қолдан қандай іс келсе, сол бағытта әрекет етіп, сүйікті ісіңді табыс көзіне айналдыру қажет. Бірақ ең алдымен өзіңе сеніп, қолыңнан не келетінін анықтап алу керек, - дейді Азат Елеусінұлы бізбен әңгімесінде.

img-20210401-wa0070

img-20210401-wa0072

Алтынбек ТҰРҒАЛИҰЛЫ

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521