Ескі емхана оңалту орталығына айналмақ

Индербор кентіндегі Ш.Уәлиханов көшесінде орналасқан 1986 жылы пайдалануға берілген ескі емханаға күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Аумағы 1478,9 шаршы метр болатын ғимараттың мердігері – «SCS инжиниринг» жшс-і. Қазіргі уақытта нысанның 1,2 қабатында бұзу (демонтаж) жұмыстары, 4 қабатында сылақ-сырлау жұмыстары жүргізілуде.

fb_img_1622093959945

fb_img_1622093974216

Айта кетейік, ауданда 1493 мүмкіндігі шектеулі жан болса, олардың 182-сі – бір жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектер. Сондықтан алдағы уақытта оңалту орталығы ерекше күтімді қажет ететін жандар үшін психологиялық және педагогикалық көмек көрсететін болады.

fb_img_1622093966912

fb_img_1622093962552

fb_img_1622093977729

Индербор кентінің әкімі А.С.Аймұратовтың айтуынша, ғимараттың үш қабаты толықтай оңалту орталығына арналады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту үшін барлық жағдай жасалып, тәжірибелі мамандар қызмет көрсетеді.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз