Есірткіге жол жоқ!

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бұл мәселеге орай Индер аудандық прокуратурасының бастамасымен жыл басынан бастап аудан аумағында нашақорлықтың алдын-алу мақсатында шаралар ұйымдастырылып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.

Атап өтсек, аудан прокуратурасы есірткі қылмысын алдын-алу мақсатында еңбек ұжымдарымен кездесіп, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кездесу барысында, нашақорлыққа қарсы және есірткіге төзімділікті насихаттау бойынша есірткіні қолданудың салдары мен тәуекелдері туралы дайындалған бейнеролик қаралып, аталған бағытта жұмыстың тұрақты түрде жүргізілуі туралы айтылды.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарына жадынамалар таратылып, оқу орындарында, сауда орталықтарында, кинотеатрларда, спорт секцияларында ақпараттық материалдар орналастырылды. Әлеуметтік желілерде және өңірлік БАҚ-та аталған тақырыптарда бейнероликтер таратылды, мектептерде аудан прокуратурасының қызметкерлерімен прокурор сағаты акциясы мен дәрістер оқылды. Жастарға көрме сот отырысы ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521