Есірткі сатып есірген кімдер?

Жыл басынан бері атыраулық полицейлер есірткіге қатысты 36 құқықбұзушылықты анықтады.

Облыс аумағында есірткі қылмысымен күрес саласы бойынша жедел жағдайды тұрақтандыруға бірқатар шаралар қабылданып, жүргізілуде.

-Басты назар нашақорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және есірткілердің келу арналарын жойып, есірткі құралдарын сату мен тасымалдауды анықтауға бағытталды. 2021 жылдың 3 ай ішінде 36 құқықбұзушылық, оның ішінде – 17 есірткі заттарын сату фактісі, аса ірі көлемде есірткі затын сақтау – 2 фактісі, есірткіні жарнамалаудың – 3 фактісі анықталды - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT