Есбол ауылында ауыз сумен қамту мәселесі өзекті

Облыс әкімі Серік Шәпкенов Есбол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен Серік Шәпкенов Есбол ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Кейін ауыл тұрғындарының мәселесін тыңдады. Есбол ауылында ауыз сумен қамту мәселесі өзекті.

- Есбол ауылындағы ең басты мәселе - таза су. Тұрғындарға ауыз суды тұрақты әрі сапалы беру үшін ауылдың су тазарту қондырғысы жөндеуден өткізіліп, толықтай іске қосылды. Алайда Жайық бойындағы таза су қондырғыларын күтіп ұстау мәселе болып тұр. Бұл Махамбет және Индер аудандарында бар. Өткен жылы сәуір айында қызметке тағайындалғаннан бастап аудандарды аралағанда көптеген жерде прокуратураның ұсынымымен кейбір жерлерде су беруді тоқтатуға дейін барды. Ол жерде істеп жатқан жұмыстардың сапасыздығы, келіспеушілігі, дұрыс күтпегеннен істен шығуы деген мәселе болды. Сондықтан бұл жұмыстарды жүйелі түрде әлі де қарайтын боламыз. Тапсырма берілді, жұмыстар жасақталуда,- деді С.Шәпкенов.

Жиында тұрғындар ауыз сумен қамту, ауылішілік автокөлік жолын, ойын алаңын, спорт кешенін салу, жұмыспен қамту, көше жарығын жүргізу сынды әлеуметтік мәселелерді талқылады.

Аймақ басшысы жиында көтерілген мәселелер бақылауында болатынын, олар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521