Ерекше белгілер орнатылды

Индербор кентінің орталық көшелерінде жаяу жүргіншілерге арналған ерекше жол белгілері пайда болды. Жол белгілері жарықтандыру жүйесімен іске қосылған. Бұл технология елімізде ең алғаш Астана қаласында қолданысқа енгізілген еді. Енді, міне, ерекше жол белгісі бізге де жетіп отыр.

Бұған Д.Қонаев пен Қ.Тұхфатов көшелерінің бойынан түнгі мезгілде өткенде куә боласыздар.

Кент әкімі Шалқар Алмурзиевтің айтуынша, аталған көшелермен қоса халықтың көп қатынайтын Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі мен спорт кешенінің алдына, Тұхфатов-Қабдешов көшелерінің қиылысында проекторлы жаяу жүргіншілер жолағы қойылып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген. Бұл жаяу жүргіншілер өткелдері түнгі уақытта жарықдиодты проектордың көмегімен жарықтандырылады. Кез келген ауа райында автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жолдағы ақ-сары жаяу жүргіншілер өтетін тұс пен жол белгілерін анық көре алады. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр, - деді ол сөзге тартқанымызда.

Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Батырбек Қайыржановтың айтуынша, аталған белгілер жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне әсері зор. Заманауи құрылғы ірі қалаларда жақсы нәтижесін беріп, кең қолданысқа енгізілуде.

Осы орайда жол сақшыларының мәліметінше, биылдың өзінде арнайы жол өткелінде жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 7 көлік иесіне «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 600 бабы, 1 бөлігіне сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынған екен. Абырой болғанда жаяу жүргіншілерден ешкім зардап шекпепті.

Айта кетейік, қазір аудан көлемінде "Балалардың жолдағы қауіпсіздігі" атты акция өткізілуде. Ол 10 сәуірге дейін жалғасады.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521