ЕРАҒАҢ БІЗДІҢ СЕКСЕНДЕ

Аудандық ардагерлер кеңесінің дәстүрлі Құрмет отауының бүгінгі қонағы Индер ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты Ерсайын Көшекұлы мерейлі 80 жасқа толып отыр.

Кездесуді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Нұриев ашып, мерейгердің өмір жолы, атқарған істері туралы мол мағлұмат беріп, құттықтау хатын тапсырды. Еңбек жолын баспаханада әріп терушіліктен бастаған ол кейін «Дендер» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1985-1998 жылдары басылымның бас редакторы қызметіне дейін көтеріліп, абыройлы қызмет атқарды. Ал 1998-2012 жылдары аудандық мәслихаттың хатшысы ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше еңбек сіңірді.

wwws51

Сонымен қатар алғаш «Индер ауданының шежіресі» кітабын құрастырушы, редакторы, «Дендерде өтті күндер», «Дала дидары» атты кітаптары мен бірнеше ән сөздерінің авторы. Атқарған ісіне сай мемлекет тарапынан бірнеше марапаттардың иесі атанды. Құрмет отауындағы кездесуге келген ардагер журналист К.Сахи әріптес ағасының әр жылдардағы атқарған ісіне тоқталса, еңбек ардагерлері Қ.Ғабсаламов, Ж.Қаракешова, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Г.Қабиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мурзин, редакция ұжымы және басқалары ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ мектеп оқушылары сұрақтарымен бөліссе, әнші Е.Әубәкіров әннен шашу шашты.

"Дендер"-Ақпарат

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521