«Еңбекпен» кәсіп бастады

Индерборда орталық базар маңынан жаңадан тегершік жөндеу орталығы қатарға қосылды.

Мұны ашу үшін кәсіп иесі Дулат Нұрбекұлы аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау-бизнес» жобасын аяқтап, «Еңбек» бағдарламасы бойынша мемлекеттік 555 600 теңге грантты иеленіпті.

- Қызмет көрсетер орнымды өзім мүмкіндігінше жасақтап алдым. Әзірге жөндеу орталығымның атауын қойған жоқпын. Шүкір, тұтынушылар бастап келуде. Бастысы қызметімді сапалы атқаруға әрі бағасын қолжетімді ұстауға ұмтылудамын, - деді ол.

Аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Дәурен Сағынғалиевтің айтуынша, ауданда биыл «Бастау-бизнес» жобасы бойынша 150 адам оқуды аяқтап, оның 57-і мемлекеттік грантқа ие болған. Соның бірі Дулат Зинолланың тегершік жөндеу орталығы кент бойынша 6-шысы екен. Ендеше, кәсібін жаңадан бастаған жас кәсіпкерге сәттілік тілейміз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз