Елтайда "GULEKE" наубайханасы ашылды

Индер ауданының Елтай ауылында жеке кәсіпкер Гүлжихан Базарғалиқызының «Guleke» наубайханасының ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш шараның ашылуында сөз алған аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Д.Сариев, ауыл әкімі Е.Дүйшім жас болса да белін бекем буып, тәуекел түбін жел қайық еткен Гүлжиханның бұл бастамасына ризашылықтарын жеткізіп, тілектестіктерін білдірді. Сондай-ақ, ардагерлер алқасының төрағасы Нәсіпқали Сағынов пен кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Д.Сариев алқызыл лентаны қиып, шашу шашылды.

Жеке кәсіпкер шағын наубайхана ашу үшін «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде 6 млн. теңге көлемінде несие алған. Несиені қолдағы қаржыға қосып, шағын наубайхана құрылысын бастап және қажетті құралдармен жабдықтаған.

-Бастаған ісім оңға басып, ойдағы мақсатым орындалып жатса, алдағы күндері ұн өнімдерінің барлығын шығарамын. Наубайханамның негізгі тұтынушылары ауыл тұрғындары. Нан өнімдері өте сапалы әрі дәмді дайындалса, сұраныстыңда көп болары сөзсіз. Наубайханаға тұрақты түрде жұмыс жасауға жергілікті жерден 3 жұмысшы алу жоспарымда бар. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламаларға қатысып, аудан, ауыл көлемінде кәсіпкерлікті дамытуға өз үлестерін қосуға шақырамын”, — дейді жас кәсіпкер Г.Базарғалиқызы.

Гүләлия Игілікова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз