Елтай ауылында автомобиль жолдарымен қоса, жаяу жүргіншілер жолы күрделі жөндеуден өтеді.
Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше ұзындығы 12,5 шақырымды құрайтын жолды салушы мердігер мекеме – "Атырауинжстрой-АИС" ЖШС болып анықталыпты. Жобаны жүзеге асыру мерзімі — 9 ай. Қазіргі таңда жол құрылысшылары топырақ төсеу және тегістеу жұмыстарымен айналысу үстінде.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ақесен Камалиденұлы аталған жоба аясында жергілікті жерден 194 адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы алу қарастырылғанын хабардар етті.
Суреттер: АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ БҚ