Электронды түрде көрсетілген қызметтер саны 14%-ға артқан

сурет ашық дереккөзден алынды

 

         2022 жылы Атырау облысындағы электронды көрсетілетін қызметтер саны 5,3 млн. болды, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда  14%-ға артқан.

         Осы және басқа да ақпараттарды Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында баяндады.

          Атап өту қажет, жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 13%-ға өскен, яғни 2021 жылы 5 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілген болса, өткен жылы 5,4 млн. мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Бұл ретте, өңірдегі көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
91%-нан астамы электронды түрде көрсетілген.

Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері арасында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру мақсатында ақпараттандыру-түсіндіру іс-шаралары 47%-ға артты. (2021 ж. – 467, 2022 ж. – 889).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобының 4 отырысы өткізіліп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша 81 ұсыным енгізілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында
26 қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

        

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT