banner_damu

Электр сымдары салдарынан 16 қабатты үй өртенді

 Атырауда 16 қабатты үйде электр кабельдері жанып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

«22 қаңтар күні сағат 02.46-да Атырау қаласының «101» пультіне Алмагүл шағы науданындағы 16 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 9-дан 12-інші қабат аралығындағы кабельді каналда электр сымдары жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялауға және жалынды сөндіруге дереу кірісті. Мәселен, саты арқылы 10 адам құтқарылды, оның 4-еуі – балалар. 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 8-і – балалар», - деді ТЖК-дан.

Тілсіз жау 03.40-та толығымен ауыздықталды. Жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған.

Атап өтілгендей, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облыстық ТЖД-ның жеке құрамының 21 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

inform.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика