Ел бірлігі бәрінен қымбат

Тұңғыш Президентіміздің: «Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел атандық», – дегені рас сөз. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының жемісі.

Біздің ауданда, қазір, басқа ұлттардың 1000-нан аса өкілдері тұрады. Барлығымыз тату-тәтті тіршілік етудеміз.

Өз кезегінде аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері халық арасында көптеген шараларға қатысып, татулықты нығайтуға үлестерін қосып келеді.

«Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір» демекші, ортақ іске жұмылған олардың ел дамуына қосқан, қосатын үлестері көп деп білемін.

 

С. Халықов,
Индер аудан әкімдігі жанындағы
ақсақалдар кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT