Екпеге елдің сенімі неге суық?

Қазіргі таңда аудан медицина қызметкерлерінің есебі бойынша 68 адам екпе алудан бас тартып отыр.

Осыған орай Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық «Шапағат» қоғамдық қоры және аудандық медицина саласы мамандары арнайы шақырылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған дөңгелек үстел өтті.

«Нұр Отан» партиясының залында өткен бұл шараны ішкі саясат бөлімінің басшысы Артур Мурзин жүргізіп, жиналғандағы мақсат пен келген қонақтарды таныстырып өтті. Индер аудандық аурухананың бас дәрігері 30 шақты отбасы екпе алудан бас тартып отырғанын, оның көбісі дінге байланысы бар жандар екенін баяндады.

Алайда жиынға келген тұрғындардың  бас тарту себебінің дінге еш қатысы жоқ болып шықты. Ауыл тұрғындары Ж.Мұратқызы қызы екпе алған кезде бөртпелердің толып кететінін, ол бір емес, бірнеше рет қайталанғандығын, А. Қапаров Ақтау қаласы жағындағы өз туысқандарының баласы екпеден кейін талмасы ұстағанын көзімен көргенін, ал А. Сламгалиева өзінің екпе алған баласы аурушаң, ал алмағаны көп ауыра бермейтінін айтып, сол себепті бас тартып отырғанын жеткізді.

Е.Ермекқалиев бүгінгі шараның өтетінін естіп әдейілеп іздеп келгендігін айта келе, екпе аларда не себепті қолхат алып, қол қойғызатынын сұрады.

e

Бала дәрігері С.Исагалиева екпенің тиімділігін түсіндіре келе, тұрғындар сауалына толымды жауап беріп, дінге қатысты екпеден бас тартып отырған тұрғындар мұндай жиындарға келмейтінін, оларға түсіндірудің өзі қиындық туғызатындығын айтты.

Ал «Шапағат» қоғамдық қорының дінтанушы, теологі Е.Абзалов бүгінгі шара екі мәселе бойынша өрбігенін, бұл жөнінде 3-4 жылдан бері аудандық дәрігерлермен бірлесе жұмыстанып жүргенін, түсіндіру әлі де жалғаса беретіндігін сөз етті.

Ақмарал Төлегенқызы

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521