Доллар түсті, енді азық-түлік арзандай ма? - Қаржы министрі жауап берді

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Былтыр Қазақстанда барлық азық-түлік өнімдері мен тауарлар қымбаттады. Оған доллар курсының өсуі себеп болғандығы айтылды. Курстың төмендеуіне байланысты баға да төмендей ме?» деп сұрады журналистер министрден.

Төмендейді деп ойлаймын. Себебі негізінен доллар курсы өскен кезде импортталатын тауарлар бағасы да артады. Осыған байланысты біз импортталатын тауарлар біртіндеп төмендейді деп күтудеміз. Жалпы, экономикада инфляция төмендейді, - деп атап өтті Қаржы ведомствосының басшысы Сенат отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Айтуынша, алдағы 2-3 айда жағдай оңалады. 

Осы айлар бізде шарықтау шегіне жеткен кезең болды, қазір 20 пайыздан (инфляция – ред.) асып отыр. Екі-айдан соң төмендейді деп ойлаймын. Нақтыланған бюджетте инфляция деңгейі 7,5-9,5 пайыз мөлшерінде болатындығы көрсетілді. Сондықтан бұл деңгейді шектейміз, бағаның төмендеуі күтіледі, - деді Премьер-министрдің орынбасары.  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521