Дипломмен ауылға: Атырауда 40-қа жуық жас маман ауылға барып жұмыс істейді

Атырау облысында «Дипломмен ауылға» жобасымен 40-қа жуық маман ауылға баратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биыл Атырау облысында аталған жобамен ауылға баруға тілек білдірген 39 маманның өтініші мақұлданған. Аймақта ауылдық жерге жұмысқа орналасатын жас мамандардың басым бөлігі Индер ауданын таңдаған.

Елді мекендерде жұмыс істеуге өтініш беретіндердің дені – білім және денсаулық сақтау саласында оқу бітірген мамандар. Мәселен, былтыр білім саласына - 21 адам, денсаулық сақтау мекемелеріне - 8 адам тартылған. Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл 135 жас маманға жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр.

«Қазір 39 маманның өтініші мақұлданды. Жас мамандардың өтініш беруге әлі де мүмкіндігі бар. Бұл үшін қалалық, аудандық әкімдіктердің экономика және қаржы бөлімдеріне немесе ХҚО-на құжат тапсыруы тиіс» дейді Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары. Биыл ауылдық елді мекендерге жұмысқа келетін мамандарға жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы, ал тұрғын үй сатып алуға 1500 АЕК шамасында бюджеттік несие қарастырылған.

 inform.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика