Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

2023 жылдың 18 мамырында жаңа құраммен өткізілген Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысының күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Бұл тұста, көшпелі кеңесте Исатай ауданы әкімінің орынбасары тарапынан азаматтармен қарым-қатынаста әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол беріліп,  іскерлік әдеп   қағидаларының сақталмағаны анықталып, мемлекеттік органның абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеті үшін аталған тұлғаға «ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, кеңесте Қызылқоға ауданы әкімінің және Атырау қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің есептері тыңдалып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама аясында, сондай-ақ қызметтік әдептің сақталуын бақылауды жүзеге асыру бағытындағы қызметтеріндегі түйіткілікті мәселелер талқыға салынды.

Осы ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындысы да бар. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі тиісті мәліметпен бөлісіп, баяндама жасады.

Бұл орайда, аталған мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен әкімдер мен мемлекеттік орган басшыларына тиісті ұсыныстар енгізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз