"ДЕНДЕРДІҢ" ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Индер ауданына қарасты Аққала ауылының бір топ оқушылары жергілікті «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясында болып газет журналистерімен жүздесті.

«Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасының аясында қазақ тілі пәні мұғалімдері Назгүл Дәулетова мен Гүлфайруз Сайынқызы 8-сынып оқушыларын аудандағы мәдени-тарихи орындармен таныстыруды мақсат тұтқан. Бас редактор Жанай Амантурлин ауыл айнасы саналатын төл газеттің тарихы мен оның қалай құрылу жолдарынан сыр шертті.

Сондай-ақ басылымға берілетін әрбір мақаланың жазылуы мен баспаға дайындалуына, редакцияның тыныс-тіршілігіне шолу жасады.

Жетекшілері әрбір ұл мен қыздың өз Отанына деген мақтаныш сезімін, оның тарихын, мәдениеті мен мұрасын, дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын түсіну, сабақтастығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған мұндай шаралар алдағы уақатта да өз жалғасын табатынын жеткізді.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521