"Дендер" ұжымын аудандық мәслихат аппараты құттықтады

Аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Жанай Ислямғалиұлы Сізді және Сіз арқылы ұжымның барлық қызметкерлері мен сала ардагерлерін кәсіби мереке – байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Байланыс пен ақпарат дәл қазіргі таңда қоғамдық өмірдің барлық басты салаларын қамтып отырғанын бәріміз жақсы білеміз.

Баспасөз – билік пен халықтың дәнекері. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы түсінесіздер. Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Ең бастысы, Сіздер билiк пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз етiп, тұрғындар тұрмысының жақсаруына зор үлес қосып келесiздер. Сіздердің жемісті жұмыстарыңыз – қашан да халық назарында. Баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы тұрғындарға жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.

Сондықтан, еселі еңбектеріңіз ел игілігіне айналып, қалам тартқан тақырыптарыңыз табысқа толы болсын деп тілейміз! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт тілейміз! Атқарған еңбек пен төккен тер – Тәуелсіздікті тұғырлы етуге жұмсала берсін. Қалам құдіреті шығармашылықтың шыңына жетелеп, абырой-беделдің биігінде асқақтаңыздар. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Индер аудандық мәслихат аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521