Декларация тапсыруды ұмытпаңыз

Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 630 бабының 3 тармағына сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары), дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын жеке тұлғалар ұсынуы тиіс.

Аталған бап бойынша сізге Активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 нысанын) ұсыну міндеттелген. Декларацияны e-Salyq Azamat, eGov Mobile, салық төлеуші кабинеті, kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ұсынуыңызға болады. Салық есептілігін тапсыру мерзімдері жақындаған сайын, салық есептілігін тапсырушылардың көптігіне байланысты, ақпараттық жүйелерге жоғары жүктеме ықтималдығы бар екенін атап өткіміз келеді.

Баяндалғанды ескере отырып, жалпыға бірдей декларациялауға қатысы бар тұлғалар мерзімін өткізіп алмау үшін декларацияны тұрғылықты жеріңіз (тіркелуі) бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін табыс етуіңізді сұраймыз. Декларацияны уақытылы ұсынбаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 272-бабы 1 тармағына сай әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасала отырып әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Индер ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT