Дабыл да, дамыл да жоқ

Қыс кезінде қара суық болғаннан гөрі қар жауғанын молшылыққа балаймыз, қыстың сәні деп білеміз. Әйтсе де қыстың да қиындығы бар... Индерде соңғы күндері коммуналдық шаруашылық қызметкерлері дамыл таппай жұмыс істеп жатқанына куәсіздер.

Индербор кентінің әкімі Шалқар Алмурзиевтің айтуынша, бүгінде кентішіндегі қар аршу жұмыстарымен "АгроСтройИндер" ЖШС айналысуда. Қазір кент көшелерінде 3 дана «КамАЗ», 2 гидромек, 20 жұмысшы жұмылдырылып, қар тазалау жұмыстары тұрақты жүруде. Кеше сенбілікте ұйымдастырылды. Бүгінге дейін кент ішінен 500 куб көлеміндей қар шығарылған. «Болашақ», «Шығыс» сынды жаңа мөлтек аудандарға баратын жолдардың бәрі аршылды. Жедел жәрдем, кентішілік автобус сынды әлеуметтік маңызы бар арнаулы көліктер де, басқа да көліктере тұрақты қатынап тұр. Жаяу жүргіншілер жолдары қырылып, аллеяның бойлары да тазалануда... -Сонымен қатар көктемгі еру жұмыстарының алдын алу үшін көше бойларындағы суғарлардың да тазалығына баса назар аударып отырмыз, - дейді кент әкімі Шалқар Болатұлы.

Саламат Базарбаев 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521