Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүр

Қ.Абаханов атындағы орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі Мұханбетжанова Жанар Шайкосқызы -бес саусағынан бал тамған өнер иесі.

Ол өз мамандығына ерекше жауапкершілікпен қарай білетін нағыз ұстаз, ал жұмыстан тыс уақытта нәзік қолымен майысып өрнек тігіп, сырмақ сырып, дәмді тамақтарды пісіріп, ал, қызмет бабында алдында отырған шәкірттерін білім нәрімен сусындататын ұстазға айналады.

Ұстаз, тігінші, суретші, аспаз, оқу ісінің меңгерушісі. Осынау сан қырлы қасиет бойынан табылатын - Жанар Мұханбетжанованың өнері көпке өнеге болары анық. Бала кезінен сурет салғанды, тігін тіккенді ұнататын кейіпкеріміздің әкесі өте шебер, өнерлі адам болған. Жанарға сурет салу, ағаштан түйін түю әкеден дарыса, сырмақ сыруды, тігін тігуді киіз басуды нағашы әжесінен үйреніпті.

«Әжем алғаш қолыма ине ұстауды үйреткенде, маған «қыз бала жат жұрттық, әйел адамның қолынан өнер келсе, ол өлмейді» деп қолынан келген өнерінің бәрін үйретті. Менің анам да қолөнерге жақын. Жұмыстан тыс уақытта үйде отырып тоқыма тоқып, тігіс тігемін. Қолыма мата, ине мен жіп алғанда жұмыстан шаршап келгенімді бір жолата ұмытамын», – деді ол.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» дегендей сыныбына кірсеңіз, қолдан жасаған неше түрлі бұйымдар көздің жауын алады. Бұдан кейін жаны жомарт ұстаздың армандары орындалатынына нық сенімді боласың.

Мейрамгүл Сапагулова,

Қ.Абаханов атындағы орта мектептің мұғалімі,

Өрлік ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521