Cтудент қыздар арасында төбелес​ туралы видео тарады

Әлеуметтік желіде Атырау бизнес және құқық колледжі студенттерінің арасында болған төбелес​ туралы видео тараған болатын.

Оқиға 19 қазанда колледж маңында орын алған. Бірінші курс студенттері арасында өзара кикілжің орын алған. Екі қыз арасындағы жанжалға үшінші студент те қосылған. Қыздардың арасындағы төбелесті колледж оқытушылары мен студенттер тоқтатқан.​ Кәмелетке толмаған студенттердің ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылған. «Студенттер арасындағы төбелес сабақ біткеннен кейін, түскі мезгіл кезінде болған. Жәбір шеккендер, дене жарақатын алғандар жоқ. Оқиғадан кейін біз студенттердің ата-аналарын шақыртып, жиналыс өткіздік. Бірінші курс студенттерімен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Психолог жеке әңгімелесті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Мұндай оқиға колледжімізде бірінші рет орын алып отыр» деді Атырау бизнес және құқық колледжі директорының орынбасары Назерке Кожабаева.

https://atr.kz/ алынды 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз