Бүлдіршіндер саябаққа күрке тіккен

Бөдене ауылындағы Мөңкеұлы көшесінің бір топ бүлдіршіндері есік алдындағы ескі саябақтың ішіне күрке тігіпті.

Көрші балалар болып «Күннің ыстығынан қорғанымыз» деп тіккен күркелері кәдімгі киіз үйге ұқсақ. Олар киіз үйдің уықтары секілді саябақтың ішіндегі талдарды бір-біріне байлап, сыртын жұқа жамылғылармен жауыпты.

Ал кейбірі үлкен қарағайдай биік-биік теректердің жандарын уақ ағаштармен қуыс-тесіктерін бітеп тастап алыпты. Соның ішіне үйден айран, сүттерімен бірге тәттілерін әкеліп күні бойы ішінде отырады екен. Тіпті қонып қалуға бар екен.

k

Бұл жөнінде көше тұрғыны Гүлнар Өтешқалиева:

-Балаларым үйде сабақ оқып болғаннан соң, осы жаққа қарай ағылады. Әйтеуір осы күркелері тым-тәуір жақсы болды. Себебі күнұзаққа ұялы телефоннан бас алмай сабақ оқитын олардың бір уақыт милары демалып, таза ауада болады. Бір жағынан көз жанарларына әсері мол,-дейді.

Бір қызығы, алдында аяқ астынан жел соғып, жаңбыр жауғанда күркелерін құлатып, заттарын ұшырып әкетіпті. Бір-біріне бауырмал бір көшенің бүлдіршіндері бос уақыттарын осы күркеде өткізеді.

kurke

 

Диас АЙБАРОВ

Бөдене ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз