«BUDENE CHAMPIONS CUP-2025» ФУТЗАЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ ЖӘНЕ «СПОРТ – НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» ҰРАНЫМЕН БӨДЕНЕ АУЫЛЫНЫҢ 1994 ЖЫЛҒЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «BUDENE CHAMPIONS CUP-2025» ФУТЗАЛ ТУРНИРІ ӨТТІ.

Турнирдің ашылу салтанатында Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Нұржан Бисенбаев пен Бөдене ауылында спорттың дамуына үлесін қосқан азамат Сейілхан Аймағанбетов жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Аудандық турнирге 13 команда қатысып, футболсүйер ағайынға ала доп шеберлері тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс нәтижесінде І орын 1997 жылғылар құрамасына бұйырса, 2007 жылғылар құрамасы ІІ орын, 2000 жылғылар құрамасы ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар Шыңғыс Дәулетқалиев «Үздік қақпашы», Мирас Бақтығалиев «Үздік қорғаушы», Бекарыс Тұрланұлы «Үздік ойыншы» номинацияларын жеңіп алып, марапатталды. Турнир жеңімпаздарына арнайы диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.

– «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бірлік үстемдік құрған жерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Осылай сыйластығымыз арта берсін деген тілектеміз. Турнирге қатысқан барша азаматтарға ризамыз, – дейді ұйымдастырушылар атынан Есенаман Төлеуғалиев.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT