Бұрынғы бас маман – бүгінгі әкім

Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлауының  қорытындысы бойынша ауылдық округтің жаңа әкімі  сайланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларының бірінде: "Ендігі жерде әкімдерді халықтың өзі сайлайтын болады, сол арқылы елімізде нақты саяси реформалар жүзеге асырылады", деген болатын. Содан бері ауыл, аудан әкімдері сайланып, жергілікті тұрғындар демократиялық қоғамға сеніммен бара бастады.
Соның бір дәлелі өткен жексенбіде Бөдене ауылының тұрғындары болашақ әкімдерін сайлау үшін №115 сайлау учаскесіне дауыс беруге барды. Таңдау әдеттегідей таңғы сағат 07:00 -де басталды. Алдымен Мемлекеттік Әнұран орындалды. Одан соң учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Абзал Тасимов сайлау тәртібімен түсіндірді.
Аталған сайлау учаскесінде 907 сайлаушы тіркелсе, оның 15-і алғаш дауыс беретін жас тұрғын екен. 
Жалпы сайлау үшін барлық жағдай жасалған. Сырқат жандардың да дауыс берулеріне мүмкіндік беріліп, үйлеріне сайлау бюллетендері толы жәшік апарылса, қырдағы ағайындардың да қамы жасалды. Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Қымбат Меңдікенова, Диас Ағысұлы сынды белсенділер өз таңдауларын жасады. 

Бөдене ауылдық округі әкімінің сайлау хабары бойынша сайлаушылар тізіміне 907 сайлаушы енгізілсе, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 469.

 Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны -  74.

        Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ш.К.Балмановаға 34

Ш.Т.Мергалиеваға 352


Сайлау барысын арнайы байқаушылар қадағалады. Сондықтан да ешқандай тәртіп бұзылмай, дауыс беру өз уақытында ойдағыдай аяқталды. 
Нәтижесінде басым дауысқа ие болған Мергалиева Шырай Төлеуғалиқызы Бөдене ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Жан Аман

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521