«Болашақ» ықшам ауданына жазғы су қажет

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың тапсырмасына сай ұйымдастырылап жатқан «Ашық есік» күні Индербор кентінде де өтті.

Қабылдауға жазылған кент тұрғыны Ибатолла Ихласов кенттің тазалығы, көріктендірілу мен абаттандыру мәселесін көтерді. Сол сияқты саябақтар қоршалып, егілген теректер де ескерусіз қалмауын сөз етті.

Оған кент әкімі Асхат Аймұратов ауданда тазалық мәселесіне байланысты жұмыстар жүйелі жүргізіліп келетінін, күні бүгін егілген 7000 жуық терек уақтылы суарылып қадағаланып тұратынын жеткізді. Сол секілді аудандық құрылыс бөліміне кент тұрғыны Айнагүл Изболатова келіп «Болашақ» ықшам ауданына жазғы су желісі жүргізілсе екен деген ұсынысына, бөлім басшысы Бауыржан Иманғазиев жоба жасақталып, ұсынысы енгізілетінін айтып нақты жауап берді.

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521