Блок бекетте "бүлік" шығарыпты

Елдің есі шығып, індеттен қалай аман қаламыз деп жатқан шақта, заңға бағынбаймын деп шатақ шығаратындар өз арамыздан табылып жатқаны өкінішті.

"Индер-Атырау" тас жолының «Индер ЛПУ» мекемесінің тұсында «Халық арасында коронавирусты инфекцияның алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша» қойылған санитарлық бекетте тұрған полиция қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты қойған заңды талабына бағынбай, олардың қызметіне кедергі келтірген азаматқа қатысты қаралған іс осыған дәлел. Сот отырысында «Whatsap»-бағдарламасы арқылы байланысқа шыққан әкімшілік құқық бұзушы А.Х.К. өз әрекетін толықтай мойындап, өкінетінін айтып бақты. Мән-жайды саралай келе аудандық сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 667-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оны кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша ескерту жасау әкімшілік жазасын тағайындады.

Қалай дегенде де тәртіпке бағынып, өзгенің өмірін сыйлай білуге үйрену керек боп тұрғандай.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз