БҚО-да дала өртін сөндіріп жүріп күйіп қалған жүргізуші ауруханаға түсті

Фото: БҚО төтенше жағдайлар департаменті.баспасөз қызметі

 

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Казталов аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Әнуар Сапаровтың мәлім еткеніндей, оқиға 10 шілде күні кешкісін Болашақ ауылдық округінде болды.

«Жалынды сөндіру кезінде күйік жарақатын алған «Батыс сервис плюс» ЖШС өрт сөндіру машинасының жүргізушісі сағат 22.00-де ауруханаға жеткізілді. Оның екі қолы, белі күйген. Қазіргі кезде жағдайы орташа ауыр. Барлық көрсеткіштері қалыпты, толық ем қабылдап жатыр», - деді Ә.Сапаров.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің нақтылауынша, облыстағы дала өрттерінің бәрі ауыздықталған.

Соның ішінде Сырым ауданы Тоғанас ауылы маңында 7 мың гектар аумақтағы құрғақ шөптің жануы 12 шілде күні сағат 09.00-де толық жойылды.

Казталов ауданы Болашақ ауылы маңындағы табиғи өрт (4 800 га) 11 шілде күні таңғы сағат 06.05-те сөндірілді.

 

photo

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521