«Біздің үлес - еңбекте»

Тәуелсіздік құрдасы Заманбек Жақсылықов – мемлекетіміздің гүлденуіне кәсіпкерлігімен үлесін қосып жүрген азаматтардың бірі. Тегершік жөндеумен айналысады. Ел экономикасының күретамыры саналатын кәсіпкерліктің тізгінін ұстаған ол еріншектік ел қылмайтынын айтады.

Заманбек Орынғалиұлы 1991 жылы Индер ауданы Елтай ауылында дүниеге келді. Мектеп бітірген соң Орал қаласындағы КазИИТУ колледжінде құқықтану мамандығы бойынша 3 жыл білім алып, әрі қарай еңбекпен, азды-көпті шаруалармен айналысып, кейін осы кәсіпті қолға алған. Отбасында ата-анасы, аға-іні, қарындасы бар. 2015 жылы отау құрып, екі қыз тәрбиелеп отырған әке.

- Кәсіпке мені әуелі әкем баулыды. Әкемнің қолдауымен 2013 жылы тегершік жөндеу шеберханасының іргетасын қалап, 2015 жылы іске қостым. Басында оңайға соқпады. Бауырларымның, таныс жандардың қолдауымен бірте-бірте аяққа тұрдым. Орталықта автокөліктердің дөңгелегін желмен үру, тегершіктерді жөндеу, май ауыстыру секілді жұмыстар жүзеге асады. Алдыңғы жылы облыста өз кәсібін ашамын деген жастарға арналған жыл сайынғы өтетін «Zhas Project» жобасына қатысып, кәсібімді ары қарай өрлете түсуге көмек ретінде 1 млн теңгелік сертификат ұттым. Бұл - мен үшін үлкен көмек болды. Бұйырса, алда тегершік жөндеу ғимаратын кеңейтпекпін. Яғни, көлік жуу және көлік оңдайтын қосымша орталықтар ашып, халыққа қызметімді жалғастыру ниетіндемін, - дейді ол өз сөзінде.

20201216_111335

Орталықта жұмыссыздық жанынан екі адам қызмет істейді. Тәуелсіз елдің құрдасының айтуынша, күніге ауылдың өзінен 4-5 көлік жөндеуден өтеді. Қазіргі қыс мезгілінде көліктердің қысқы дөңгелектерін ауыстыруына байланысты жұмыстың көбейіп, барлығына бірдей үлгеріп жатырғанын алға тартады. Кейде көрші ауыл-аймақтардан, кейде Атырау-Орал бағытындағы көліктер де келіп тұратын көрінеді.

20201216_111409

- Кәсіп ашамын дегенге жол ашық, мемлекет тарапынан қолдау көп. Тек, тәуекел ете білу мен шыдамдылық керек. Расымен, ауылда кәсіптің көзі баршылық. Мысалы, шаштараз, пластикалық терезе, есіктер жасайтын, т.б. сынды қызмет көрсету орындарын неге ашпасқа? Осыған дейін керекті құрылыс материалы үшін аудан орталығын аралап, сабылып кететінбіз. Қазір қолжетімді бағада ауылдан құрылыс дүкені ашылғанына ризамын. Қазіргі таңда өз кәсібін дөңгелеткендердің дені – жастар. Қазір - білімді де іскер жастардың уақыты. Елдің ұлы болса, елге жаны ашыса, азаматтық ар-ожданы болса, қазақтай елдің көркеюі жолында еңбек етуі тиіс,-дейді кәсіп иесі Заманбек Орынғалиұлы.

Алтынбек ТҰРҒАЛИҰЛЫ

Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521