Бірлігі бекем елге бақ қонады

Күні кеше ғана Елорада да Елбасының қатынасуымен Ассамбллея кеңесінің кезекті отырысы өткені де белгілі. Міне, Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылғанына 25 жыл толуына орай Қазақстан Халқы Ассамблеясы Атырау облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің бастамасымен «Достық» эстафетасын аудандар арасында алмастырып жүру қолға алынған болатын. Ақпан айында облыс әкімі Махамбет Досмұхамедов өз қолымен аталмыш эстафетаны көршілес Жылой ауданына табыстаған болатын. Сол уақыттан бері эстафета Мақат, Қызылқоға, Құрманғазы аудандарынан өтіп Индер ауданына да келіп жетті.

Бүгін Құрманғазы ауданының әкімі Нұртаев Қайрат Талапұлы бастаған құрманғазылықтар Индер ауданына келді. Меймандарды Бұқар жақ беттегі аудан шекарасынан аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов бастаған индерліктер бауырсақ пен ақ ұсынып жылы шыраймен қарсы алды.

bauyrsak

Күй әлемінің дүлділі атанған баба есімін иемденген ауданның өкілдері мұнан қазақ тарихында өзіндік ізі қалған тарихи тұлғаларымыз Мұрат Мөңкеұлы мен Табылды Досымовтың ескерткіштеріне тағзым етті. Ескерткіштер басында аудан әкімі Мейірім Қалауи қонақтарға ауданның әлеуметік –экономикалық дамуын қысқаша таныстырып өтті. Қос алыпқа арналып салынған ескерткіш меймандарды ерекше әсерге бөлегені анық. өткен жылдары заманауи тұрғы да қайтадан жарақтандырылған Жастар орталығының жұмысымен танысты. Сондай-ақ көпшіліктің зор қызығушылығын тудырған кинотеатр көріп меймандар өз қызығушылықтарын да жасыра алмады.

makhambet-otemis

Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілген жиынның шымылдығы-профессор Рысбай Ғабидев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында Түркештің «Көңілашар» күйімен ашылды. Жас дирежер Айгерім Мусаева жетекшілік ететін оркестр ұжымы келесі орындауларда компазитор Қуаныш Кипиевтың «60 жылдардағы әндерден попури», Талапқали Зайнуллиннің «Салтанат» күйлерін асқақтатып өтті.

orkestr

-Ежелден атамыз қазақ татулық пен береке бірлікті ту етіп ұстап, кейінгі ұрпаққа амнат етіп қалдырып кетті. Кешеден бүгінге ұлы мұра болып жеткен бірлік аманатына адал болған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын жариялаған болатын. Тұрақтылықтың тамырын тереңге жаяуға негізделген осы бастама аясында 1995 жылы 1 наурызда жүзеге асты. Ширек ғасыр уақытқа жуық елге қызмет еткен Ассамблеяның сан ұлтты елге берген пайдасы ұшан-теңіз,- деді аудан әкімі Мейірім Қалауи.

akimder

Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Талапұлы «Достық» эстафетасын аудан басшысы Мейірім Қалауиге табыс етті.

simvol

Ресми тарту-таралғылар аяқталған соң ауданның көркемөнерпаздары тізгінді өз қолдарына алды. Ағайынды Өтеген, Тимур Нұрмағамбетовтер «Бір ел болса, біздей болсын», жас әнші Мұратбек Жұмашев «Жастар ұраны» әндерін орындап қошеметке бөленді. Биші Шолпан Шүкірғалиева жетекшілік ететін «Бойтұмар» би ансамбілінің балғын бишілері қазақ биі «Көңілашармен» көрермендерді бір серпілтіп тастады. «Орыс әндері мен қазақ күйлерінен аспаптық дуэт» орындаған Азамат Жеңісов пен Айдар Әділов шыңдай білсе талай шыңды бағындыратын жас өрендер екенін тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.

an-ajtu

Сахнаға көтерілген Қазақстан халқы Ассамбллеясы Атырау облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов эстафета алмасу сәтін тамша ұйымдастыра білген қос ауданның басшыларына алғысын білдірді.

assambleya

-Жұмыс бабында түрлі мемлекеттер де болып жүрмін ғой. Өткен жылы Германия мемлекетіне жолым түсіп барған болатынмын. Сол жерде алмағайып кезеңде елімізден көшіп кеткен неміс ұлтының өкілі қазақ еліне деген сағынышын жеткізді. Әр жұма сайын жеті шелпек пісіріп, қазақтың ұлттық тағамы ас пісіруді дәстүрге айналдырған. Сол арқылы өмірінің басым бөлігі өткен қазақ еліне деген сағынышты тарқатқандай болады екен. Сөз жоқ бұл береке-бірлігі бекем қазақ еліне берілген бағаның бір парасы ғана,-деді Нұржан Ермұханов.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521