Құрылысы өткен жылы басталған аудандағы "Көктем" қазақ орта мектебінің қосымша ғимараты тамыз айында толық аяқталады деп күтілуде.
Құрылыс жұмысына жауапты «Дан-Строй-База-ЛТД» мекемесі. Аталған нысан екі қабатты, аумағы 972 шаршы метр. 80 орындық қосымша ғимаратта 4 оқу кабинеті орналасқан және спорт залы да қарастырылған.
Аудандық білім, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Ділмұқашева Орынша Матайқызының айтуынша, мектебінің қосымша ғимараты жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. Ол қазіргі заман талабына сай жабдықталып, оқушылар үшін қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етіледі.
Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі