Білікті маманның деңгейі жоғары

Сурет baribar.kz сайтынан

Бүгінде аудан әкімдігіне қарасты 9 дербес бөлім, аудан әкімі аппараты мен Индербор кенті және ауылдық округтерде 96 мемлекеттік қызметшінің штаты болса, қазір 88 мемлекеттік қызметші еңбек етеді.
Бұл ретте 2 маман жүктілікке және бала босануға дейін еңбек демалысында.
Олардың 39 ер адам, 49-ы әйел қауымын құрайды.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің жас ерекшеліктеріне келетін болсақ:
• аудан әкімі аппараты бойынша орта жас – 38;
• дербес бөлімдер бойынша – 40;
• округтер бойынша – 40 жас.

Ал білімдеріне келер болсақ, 88 мемлекеттік қызметшінің білімі жоғары болса, 2 мемлекеттік қызметшінің кәсіби орта білімі бар.
Оның ішінде:
11 – екінші білімі және 1 мемлекеттік қызметші магистратура бітірген.
Бұл тұрғыда мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейінің жоғары екендігін атап өткен жөн.
Бұдан басқа мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін артырау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлескен жоспарға сәйкес, 29 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарынан өткізу жоспарланып, бүгінгі таңда 22 маман біліктілігін арттыру, 4 маман қайта даярлау курстарынан өтті.
Сонымен қатар, желтоқсан айында 3 бос лауазымға конкурс жарияланып, кандидаттардан құжаттар қабылдануда.
Жарияланған конкурстарға қысқаша тоқтала кетсек:
1) аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы (E-R-1),
2) аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (уақытша)(E-R-4),
3) Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы (E-G-3).
Сондай-ақ: бос тұрған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, Есбол және Көктоғай ауылдық округінің бас маман-есепшілері, сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымдарына алдағы уақытта конкурс жариялау жоспарлануда.
Сонымен қатар, ауданның мемлекеттік қызметшілері қажеттілігіне орай қызметтік пәтерлермен қамтамасыз етіліп, оларға әлеуметтік көмек көрсету бағытында атқарылатын тиісті шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылып келеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.


Индер ауданы әкімінің аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521