Әбілқайыр қари

  • Жерлесіміз Жұбан Әбілқайыр  Ералыұлы Умра қажылығына жолдаманы жеңіп алды. Ол Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы «Балаби қари» құран жаттау орталығында Құран Кәрімді толық 30 парасын жаттап, үздік танылды.         Қари атағымен бірге Қажылыққа тегін жолдама беретін мәртебелі сыйға ие болып отыр.  
    Жұбан Әбілқайыр аудандық «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиевтің ұлы. Ол кенттегі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 9 сыныбын аяқтағаннан кейін діни жолды таңдап Кентау қаласындағы қарилар дайындайтын «Балаби қари» медресесіне түсіп оқиды. Медреседе Құран Кәрімнің 5 парасын толық жаттаған шәкіртке Қари атағы беріледі екен. Ал Әбілқайыр Ералыұлы медреседегі 3 жыл мерзімде толық 30 парасын түгел жаттап шығыпты.
    - Медреседе бар күш-жігерімді діни білім алуға жұмсадым. Емтихан кезінде сағат 5-тегі таңғы намаздан бастап, түнгі 12-ге дейін қазылар алқасы алдында Құранды жатқа айттым. Қазылар Құран Кәрімді қатесіз әрі көркем оқуыма баса мән береді. Әрине, физикалық тұрғыдан шаршағаныммен рухани күшім зор еді. Бірінші Алланың қалауымен, екінші ата-анамның қолдауы, өзімнің алға қойған мақсатыммен қойылған шартты толық орындап шықтым, - дейді ол.
    Әбілқайыр Ералыұлы алдағы күндері Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан аталған медресе атынан байқауға бақ сынауға әзірленуде екен.
    Алдағы жоспары Түркия елінен Құранды изажаға тапсырып, әрмен қарай діни білімін жалғастыруды ниет етеді.           
    Айта кетейік Әбілқайырдың тетелес апасы Асма Ералықызы да діни жолды таңдап, биыл Үшқоңырдағы қыздар медресесін қызыл дипломмен аяқтаған. Енді бұйырса «Нұр Мүбарак» университетіне білімін жалғастыруды ниет етіп отыр екен.
  • Ендеше дін жолында талаптанған жастарға Алла қолдасын дейміз.      

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521